• 22.11.2024

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ: ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»

Авторkaznai

Nov 22, 2021

2021 жылдың 22 қарашасында Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ: ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» атты жыл сайынғы Ғылым апталығы басталды.

Ғылым апталыҒЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ – ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ТОЛЫ ЖЫЛДАР» коворкинг жұмысымен басталды. Коворкинг жұмысы Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қ.З.Халықов және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, профессор, ф.ғ.к., А.Ш. Алимжанова құттықтау сөз сөйлеуімен басталды.

Коворкингтің құрметті қонағы «Алматы қаласының ұлттық корей орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, профессор, техника ғылымдарының докторы Г.В.Кан болды.

Коворкинг жұмысы барысында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Абай атындағы ҚазҰПУ, Каспий қоғамдық университетінің студенттері баяндама жасады. Коворкингке 180-ден астам адам қатысты.

Приемная комиссия