“Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар”кафедрасы “Шет тілдері және ҚХА” кафедрасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық дөңгелек үстелі 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні:
“ЕЛІМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ”
2021 жылғы 29 қараша сағат 11.00 Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты республикалық дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтаудағы, жастардың бойына азаматтық-патриоттық және рухани құндылықтарды ұялатудағы ауқымды тарихи рөлін Қазақстандық қоғамда одан әрі нығайту.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Мемлекеттік органдардың өкілдері, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының, кафедралары мен жастар қанатының өкілдері қатысады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нәбиев Вакил Гусейнұлы құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелде “Татулықпен келісім жолы”, “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың этносаралық қатынастарды үйлестірудегі рөлі”, “Қазақстандық бірлік пен телерантизм моделін қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі” , “Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен бірлік моделі”, “ҚР Тәуелсіздігіне қол жеткізу: бейбітшілік пен келісімге 30 жыл” атты баяндамалар оқылды.
Профессор Шаймерденова Меңдіғаным Жамалбекқызы еркін микрофонда сөз сөйлеп, Академиядан пікір алмасты.
Дөңгелек үстел аясында қонақтар мен қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы бейнеролик көрсетілді.