Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметінің ұйымдастыруымен Жастар қозғалысының жетекшілерімен «ТеDX» немесе «Печа-куча» форматында кездесу өтті.
Кездесу мақсаты: Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысын ілгерілету. Баяндамалар мен презентациялар арқылы жастардың пікір алмасуларын ұйымдастыру. Кездесуге Академияның белсенді жастары қатысты. Басқосуды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бөлімінің басшысы Айбек Қанайұлы «Академиялық адалдық ережесін» түсіндірумен бастып, баяндамашыларға сәттілік тіледі. Осындай кездесулердің жеміс берерінен үмітті екенін атап айтты.
Кездесу барысында білім алушылардың Компьютерлік технологиялар кафедрасы, Медиажурналистика факультеті, 1 курс студенті Аманқос Нұршат, Медиажурналистика факультеті, 1 курс студенті Нұржанбай Аида,– Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті, Станоктік кескіндеме, 1 курс студенті Қажыбек Ақмарал, Кино и ТД факультеті, Көркем фильм режиссурасы, 3 курс студенті Мухамедиярова Жансая, Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті, Станоктік кескіндеме, 1 курс студенті Турабаева Мерей Мубаракқызы Сыбайлас жемқорлық» ұғымы, «Жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға» қатысты дайындаған презентацияларын ұсынды және баяндамаларына тиянақты дайындықтарын көрсетті. Өзара пікір алмасу жоғары деңгейде өтті.