• 22.11.2024

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ҚазҰӨА ұжымымен кездесу өткізді.

Авторkaznai

Feb 13, 2022

12 ақпан күні, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім беру жүйесінде оқыту үрдісін жақсартып, техникаландыру, мамандардың тұлғалық әлеуетін ашып, біліктілігін арттыру мәселелері сарапталды.

Сондай-ақ, Дәурен Әскербекұлы білім саласында жаңа аспектілер мен оқыту бағдарламарын оңтайландыру және жастардың заманауи білімді игеруіне жағдай жасап, оларды жұмысқа орналастыру жайында сөз қозғады. Рухани өмірдің мәйегі болған мәдениет саласына көңіл бөлу, өзгеріс әкелу, осы ретте білікті кадрлар дайындауды қолға алып, білім процессін жаңартуға басқан әр қадам – өнердегі жас таланттарға салған даңғыл жол екендігін де баса айтты. Министр қазақ өнерінің келешектегі бет-бейнесін қалыптастыратын нағыз мамандар дайындау ісіне күш салуымыз керек дегенді алға тартты.

«Мәдениет саласындағы кадр тәрбиелеу және оқыту – өте күрделі және жауапты миссия. Сайып келгенде, оны жүзеге асыру сапасы ұлттың рухани келбетін, дүниетанымы деңгейін анықтайды. Өйткені, осы оқу ошақтарындағы жас дарындардың бойына сіңген құндылықтары мен машықтары ертең театр сахналарында, кино экрандарында өз көрінісін табады. Сондықтан мемлекет оқу орындарындағы оқу сапасын жақсарту үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Бұл өнер мен креативті индустриялар саласында бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау ісінде өз нәтижесін береді деп сенеміз», – деді Дәурен Абаев.

Приемная комиссия