• 05.12.2021

«Театр сыны шеберлігі» пәні бойынша XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі болып өтті

Авторkaznai

Mar 18, 2021

«Өнертану» факультеті «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасында ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі болып өтті. Оған академияның театртанушы, балеттанушы студенттерімен қатар, Қазақ Ұлттық өнер университетінің де студенттері қатысты. Студенттер  берілген үш сағат ішінде «Актер – спектакльдің атмосферасын жеткізуші басты тұлға», «Жаңа формадағы спектакльдердің  заманауи режиссерлік шешімдері», «Театр және көрермен: өзара қарым-қатынастың басым бағыттары» тақырыптары бойынша ғылыми мақала жазды. Жазылған жұмыстарға Исламбаева З.У. – ө.к., доцент,  Шанкибаева А. – ө.к., профессор, Құмарғалиева Н. – өнертану магистрі, аға оқытушы, Сұлтанова Ж. –  PhD доктор, Қадырғалиева А. – өнертану магистрі, аға оқытушы әділқазылық етіп, жүлделі орындарды тағайындады.

Олимпиада қортындысы бойынша :

1-орын

Бердіқожа Аружан 3-курс (Алматы қ., Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

2-орын

Оспан Саяна 3 курс (Алматы қ., Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

Толқынбекқызы Бақжанар 2 курс (Нұр-Cұлтан қ., Қазақ ұлттық өнер университеті)

3-орын

Хайрбек Айгерім 2 курс (Нұр-Cұлтан қ., Қазақ ұлттық өнер университеті)

          Нурсеитова Асия 2 курс (Алматы қ., Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

          Мұхтар Меруерт 2 курс (Алматы қ., Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!