• 28.04.2024

Баспасөз хабарламасы

Авторkaznai

Feb 20, 2024

          2024 жылдың 21 ақпан күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Көркемсурет» кафедрасы оқытушылары мен студенттерінің біріккен «Қазақстанның монументалды өнеріндегі заманауи тенденциялар: көркем витраж және мозаика- 2024» атты монументалды өнер көрмесі өткізіледі.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан уақытта, академияның оқытушылары мен студенттері белсенділік танытып, заманауи жаңа технологиялар мен әдістерді қолдана отырып,  үлкен ізденіспен   мәнерлі  де ойлы шешімдерін ойластырып, өз туындыларында ұлттық нақышқа толы витраждың жаңашыл көркем ерекшелігін көпшілікке ұсынады.

Дарынды студенттер  шығармаларының, оның ішінде кескіндеме (сграффито, фреска) және витраждағы (тиффани,  фьюзинг,  әйнектегі көркем жазба) қолданылған түрлі техниканың  заманауи өнердегі жаңа ағымдардың  туындауы мен өркендеуіне бағытталған жоба деп қараған жөн.

  • Көрменің ашылуы: 2024 жыл, 21 ақпан, сағат 12.00
  • Мекен-жайы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия