• 27.04.2024

Мәдени-эстетикалық тәрбие, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту

Авторkaznai

Oct 19, 2023

  Мәдени-эстетикалық тәрбие, студенттердің шығармашыылық әлеуетін көтеруге қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың поэзиясын өмірі мен шығармашылығын ұлықтап жас ұрпақтың бойына әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Тәңіртаудың мұзбалағы» аты поэзия кеші өтті. Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең –жырға әуес болған. Алғашқы өлеңдерін он-он бір жасынан бастап жаза бастаған   Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген. Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады және ой салады.
08.10.2021ж.
Қалалық сенбілік. 09.04.2022ж. Сүйікті қаламызды таза ұстау, аулаларды жинау, қоқыстардан тазарту кезінде академия студенттері сенбілікке қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия