• 18.05.2024

«Қамқор» әлеуметтік үйінде қайырымдылық концертін өткізді.

Авторkaznai

Oct 5, 2023

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 2023 жылғы 02 қазанда Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқор» әлеуметтік үйінде қайырымдылық концертін өткізді. Іс-шараға Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жанатұлы Жаубасов қатысты.

Концертте Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер», «Хореография» факультеттерінің студенттері өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада академия студенттері «Шашу», «Вальс», «Өрнектер» хореографиялық композицияларын; «Мен деп ойла» (Совет Данель), «Жаяу» (Қабдиев Нұрбек), «Саясында алманың» (Әбдіманап Айдын), «Im not the thely one» (Ерубаева Камила, Ташлык Волкан), «Сәлем» (Матаева Рауан), «Любовь похожая на сон» (Айнабек Ернұр), «Сияхамба» (Эстрадалық ансамбль), «Золотой» (Аралбаева Салтанат), «Халық аспаптары» мамандығы студенттерінің орындауында «Адай», «Балбырауын» халық әндері мен күйлерін орындады.

«Қамқор» әлеуметтік үйінің директоры Тұрарбек Мырзақымұлы Тұманшиев студенттерге, Академия ПОҚ-на ұйымдастырылған мерекелік іс-шара үшін, әлеуметтік үйдің қарт тұрғындарына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлгендері үшін алғыс білдіріп, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына қарттар үйінің әлеуметтік саласын қолдауға және қайырымдылықты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс хат ұсынды.

Іс-шараға жауаптылар: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі А.Ш. Әлімжанова, аға оқытушылар Қ. Е. Тауенов, М. О. Жұмағұлов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия