• 27.04.2024

Ұлттық киім – Ұлт мәдениетінің бетбейнесі

Авторkaznai

Mar 19, 2024

     Биылғы жылдан бастап, елімізде Наурыз мейрамы жаңаша жағдайда атап өтіліп жатыр. Ұлыстың Ұлы күнін мерекелеудің жаңа тәртібі бойынша, 14-23 наурыз күндерінің аралығы – «Наурызнама онкүндігі» деп жарияланды. Бұдан былай, 14-наурыздағы «Көрісу күні-Амал мерекесінен» басталып, 23-наурыз – «Тазару күнінің» аралығындағы әрбір күннің өз атауы болады.

    Қабылданған кестеге сай, 18-наурыз – «Ұлттық киім күні» болып белгіленді. 

    Осы күні Темірбек Жүргенов атындағы  Ұлттық Өнер Академиясында «Ұлттық киім күніне» орай, «Кино және ТВ» факультеті ұйымдастырған «Кинодағы ұлттық киім стилистикасы» тақырыбына арналған шеберлік сағаты болып өтті. Оған Академияның ұлттық нақыштағы киімдер киіп, ою-өрнекпен зерленген әшекейлер тағынған студенттері мен оқытушылар құрамы қатысты.

     Шеберлік сағатын жүргізген «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының аға оқытушысы Сәуле Қасымқызы Ахметова арнайы бейнетаныстырылым жасап, тарихи, дәстүрлі және қазіргі замандағы ұлттық киім үлгілері, әшекей бұйымдары мен ою-өрнектерінің өзіндік ерекшеліктері туралы баяндап берді.    Сонымен қатар, спикер 15-наурыз күні Атырауда болып өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан: «Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек…» – деген пікіріне және Президенттің кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары енгізіп жатқан, ұлттық киім киіп жүру туралы бастамаларына қолдау білдіргеніне шеберлік сағатына қатысушылардың айрықша назарын аударды. Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар Ұлттық киімнің мәлім де беймәлім қырлары мен өзекті мәселелері туралы ой өрбітіп, пікір бөлісті, шеберлік сағаты спикерінің сұрақтарына жауап беріп отырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия