• 25.11.2024

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұжымы ҚР Тұңғыш Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Авторkaznai

Jul 6, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұжымы ҚР Тұңғыш Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!
Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізгенімізге ширек ғасырдан асыпты. Әрине бұл соншалықты ұзақ уақыт та емес. Алайда осы уақыт аралығында сіздің сарабдал саясатыңызбен әлеуметтік-экономикалық салаларды халықаралық аренада алған асулар тұрғысынан қарасақ, бір ғасырлық шаруаның іс жүзіне асқанына куәміз.

Сіздің атыңыз тарих беттерінде алтын әріппен жазылады. Отыз жылдың ішінде Қазақстанды әлемге мойындатып, тәуелсіздік туын тұғырға қондырып, орасан зор еңбек сіңірдіңіз. Халықтың шынайы сүйіспеншілігіне бөленген, ел ырысына, қазақ халқының бақытына тудыңыз.

Елге егемендік әкелген, дербес мемлекет етіп орнатқан, жаңа заманауи қоғам құрған, қазақ халқын бүкіл әлемге паш еткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы ретінде Сіздің еселі еңбегіңізді байыпты бағалап, Сіздің әрбір игілікті ісіңізге құрметпен қараймыз және қолдаймыз!
Сіз мәдениет пен өнердің серпінмен дамуына зор көңіл бөліп келесіз.

Сіздің алыстан болжайтын қырағылығыңыздың арқасында Арқаның төріне көшірілген ғажайып астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласында соңғы жылдардың өзінде дүниежүзінде алатын айшықты орындары бар қаншама өнер ошақтары бой көтерді. Сіздің қолдауыңызбен мәдениет, өнер, саласында жүрген қызметкерлерге тиісті деңгейде жағдай жасалынып, олардың шығармашылықпен еркін айналысуына бүгінде барлық мүмкіндік қарастырылған. Олар қазақ өнерінің дамуына тамшыдай болса да өз үлестерін қосуда.

Аса қадірлі Елбасы!
Осынау мерейлі мереке күні Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Жасаған еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Әрқашан мәртебеңіз биік болсын! Сізді сүйетін, құрметтейтін, ардақтайтын халқыңызбен мәңгі жасаңыз!

#Академия_құттықтайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия