2023 жылғы 4-5 қыркүйекте Академия кинозалында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі тарапынан жаңадан түскен магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Аталған семинарда оқу бағдарламалары ескеріле отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттері белгіленді, оқу процесінің перспективалары ұсынылды. Семинарда келесі баяндамалар жасалды:
- 1.Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Ш. А. Амирбеков
- 2. Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры К. З. Халыков
- 3. ЖОО кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі А. А. Кульшанова – диссертациялық жұмыс ғылыми жетекшісінің мәртебесі
- 4.Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Ж. А. Тлеулинова – магистратура мен докторантурадағы оқу процесінің ерекшеліктері.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі оқу процесінің, ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшеліктері туралы магистратура мен докторантураның келесі оқытушылары мен түлектері өз тәжірибесімен бөлісті:
- 1. Қаржаубаева С. К. – диссертациялық кеңестің төрағасы, диссертациялық жұмыс және қорғау процесі бойынша ұсынымдар
- 2. Альжанов Р.А. – докторантура түлегі “докторанттың өмірінен лайфхактар”
- 3. Казыбекова Ж. А. – магистрлік диссертация жазу және ғылыми мақалалар жариялау бойынша әдістемелік ұсынымдар
- 4. Мусабаев К. М. – магистранттың жобалық қызметі
- 5. Ардашов Иван – “магистрлік диссертация жазу бойынша өмірлік лайфхак”
Семинарда баяндама жасағандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.