ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұлағатты ұстаздармен қызметкерлерге арналған ғылыми және шығармашылық кеш өтті.
1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталып, 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.