• 22.11.2024

2024 жылдың  28-ші ақпан күні  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында «Сән және костюм дизайны» кафедрасының доценті Ибраева Айгуль Бахытовнаның «LITTLE BLACK DRESS (ШАҒЫН ҚАРА КӨЙЛЕК). ӘЙГІЛІ LBD (Little Black Dress) АЯСЫНДАҒЫ 100 ЖЫЛДЫҚ СӘН ЭВОЛЮЦИЯСЫ” тақырыбындағы ашық лекциясы өтті.
Өткізу форматы бойынша лекцияны академияның Zoom платформасы арқылы онлайн трансляция жасау қарастырылды, бұл жағдай лекцияға  Астана қаласынан «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары онлайн форматта қатысуына мүмкіндік туғызды. Лекция әйгілі Little Black Dress (шағын қара көйлек) призмасы арқылы соңғы 100-жылдық сән тарихы әлеміне  жасалған экскурсия ретінде өтті.  Тыңдаушылар лектор Ибраева Айгуль Бахытовнаға ауқымды және жан-жақты саралап берген қызықты ақпараттары үшін   ризалығын білдіріп, осы форматта лекциялар жалғасын тапса екен деген тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия